Жұмыс кездесуде «Mangystau OiL Refining» ЖШС өкілдерімен көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кешенін шикізатпен (тауарлық мұнай) жүктеуге қатысты проблемалық мәселелер талқыланды. Компанияның негізгі қызмет түрі көмірсутек шикізатын өңдеу болып табылады. 2017 жылы «Көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кешенінің» бірінші кезеңі іске қосылды. Бүгінгі күні нақты қайта өңдеу жылына 75-80 мың тоннаны құрайды. Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында жобалық қуаты жылына 300 мың тонна көмірсутек шикізатын қайта өңдеудің екінші кезеңін пайдалануға беру жоспарлануда. 2021 жылдың екінші жартысында жобалық қуаты жылына 830 мың тонна көмірсутек шикізатын қайта өңдеуді пайдалануға берудің үшінші кезеңі көзделген. Бүгінгі таңда «Mangystau OiL Refining» ЖШС өнімнің төрт түрін шығарады (мазут, дизель отыны, пеш отыны, бензин). Үкіметаралық келісім бойынша мазут Әзірбайжанға экспортталады, дизель отыны, пеш отыны ішкі нарықта сатылады, бензин ТМД елдеріне сатылады.
Сондай-ақ, бүгінгі күні қызметкерлердің штаттық саны 163 адамды құрайды. Өнімді өңір тұрғындары, кәсіпорындар мен Каспий маңы мемлекеттері пайдалана алады.
Бұдан басқа, жобаның мақсаты Маңғыстау облысының отандық өндірісінің дизель отыны мен бензинге қажеттілігін қамтамасыз ету және қазақстандық қамтуды ұлғайту болып табылады.
Ақпарат @mangystau_invest парақшасынан алынды.
Мазут – M100
Нафта
Пеш отыны
Дизель
отыны
Түркістан облысындағы өндірістік база
🎉 Мұнай-газ кешені қызметкерлері күні құтты болсын!
Сенбілік. “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы 10.08.2024 ж.
“Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау” курсы бойынша өндірістен қол үзбей қызметкерлерді оқыту және олардың білімін тексеру