info@oil-refining.kz +7 (7292) 43-25-04
300 000 тонна - шикізатты өңдеудің жылдық мөлшері

Даму

Өндірістік модернизация

«Mangystau Oil Refining» компаниясы әрдайым дамудың жаңа жолдарын іздейді. 2019 жылдың мамырында Маңғыстау облысы әкімшілігі мен компания арасындағы серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды. Бұның шеңберінде жобаларды іске асыру үшін мемлекет тарапынан көмек көрсетілді, әсіресе:

  1. Зауытты шикізатпен қамтамасыз етуде мемлекеттің көмегі және демеуі;
  2. Жоғары сапалы ашық түсті мұнай өнімдерін: АИ 92, АИ 95 маркалы бензин және Евро 5 дизель отынын алу мақсатында «Дизель фракцияларын гидротазалау және гидродепарафиндеу бойынша технологиялық кешенін құру және каталитикалық өңдеуді пайдалану» үшін қосалқы 5 Га жер бөлу.

 

Біздің қызметкерлеріміз – біздің құндылығымыз

Біз корпоративтік мәдениетті қолдаймыз және қызметкерлерімізді өз мансаптарын белсенді басқаруға шақырамыз. Түрлі деңгейдегі жұмыскерлерге қажетті оқу бағдарламасын ұсынамыз. Қызметкерлердің дамуы ұйымдық және жеке қажеттіліктеріне байланысты болады. Ал біздің қызметкерлердің қажеттіліктері «Mangystau Oil Refining» үшін өте маңызды. Сондықтан да, біз мансаптық өрлеуге жетелейтін ресурстармен қамтамасыз етуге кепілдік береміз.

 

Біздің есік әрдайым ашық

Толыққанды жұмыс ортасы – жан-жақты қамтитын, қолдау көрсететін орта. Міне, сондықтан компания күн сайын жұмыс орнын мінсіз ұстауға бар күшін салады. Әкімшілік есігі қызметкерлерге қашан да ашық.

 

Көмек (немесе қайырымдылық қоры)

«Mangystau Oil Refining» компаниясы негізі қаланғаннан бері мұқтаж адамдарға материалды және қаржылық көмек көрсетіп келе жатыр. Біздің еріктілер өз уақытын, қаражатын және ресурстарын аямай, жақсылық жасай отырып өзгелердің өмірін жақсартуға атсалысады.

Өнім

Пресс-орталығы