info@oil-refining.kz +7 (7292) 43-25-04

Жаңалықтар

02.05.2024 (👁73)

Бізге 7 жыл!

“Осы 7 жыл ішінде біз ұзақ даму жолынан өттік және табысқа жеттік. Біз тез әрі қарқынды дамып келе жатқан компаниялардың біріміз. Бүгінгі таңда алға қойып отырылған негізгі міндеттерінің бірі компанияны дамыту және кеңейту.


Бізде қазірдің өзінде
2 МӨЗ бар:
Маңғыстау облысында және Түркістан облысында


Өңдеу қуатын арттырдық:  65 мың тоннадан 235 мың тоннаға дейін

300 000 тонна
шикізатты өңдеудің жылдық көлемі


Қызметкерлер саны өсті: 85 қызметкерден 272-ге дейін
өсу пайызы 69%


Компанияның меншігінде мынадай инфрақұрылым объектілері бар:

1. Электр желілері;
2. Үй-жайларды жылытуға және қайта өңдеу өніміне арналған қазандықтар;
3. Сумен жабдықтау;
4. Газбен жабдықтау;
5. Т/ж жолдары және автомобиль жолдары;
6. Қара және ашық түсті мұнай өнімдерін құюға т/ж цистерналарын дайындау;
7. Шикі мұнайды дайындау цехы.


Біз өндіреміз:

    1.мазут – M100;
    2.пеш отыны;
    3.нафта;
    4.дизель отыны.

Көрсетілетін қызметтер:

    -көмірсутек шикізатын қайта өңдеу;
    -аккредиттелген сынақ зертханасында өнімдерге арналған нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігінің әр түрлі көрсеткіштері бойынша жоғары технологиялық жабдықта мұнай мен мұнай өнімдерін сынау және талдау;

-темір жол цистерналарының ішкі және сыртқы жағын тазалау;;


Біздің даму жоспарымызда:

жобалық қуаты жылына 830 мың тонна көмірсутек шикізатын қайта өңдеу кешенінің үшінші кезегін пайдалануға беру.

Оның ішінде Түркістан облысында қуаты жылына 250 мың тонна болатын шағын МӨЗ іске қосу.


Мұнай өнімдерінің сапасын, санын және ассортиментін жақсарту үшін “Mangystau Oil Refining” ЖШС мұнай өңдеуді 90% және одан да көп тереңдете отырып, қайта өңдеудің қайталама процестерін пайдалануға беруді жоспарлап отыр.

Осылайша өнімдер ассортиментіне қосылады:

  1. АИ-92, АИ-95 маркалы жоғары октанды бензиндер;
  2. Еуро к-5 маркалы дизель отыны;
  3. Жол битумы.

Нәтижесінде біздің өндірістік базамыз жұмыс орындарының санын көбейтеді.



Өнім

Пресс-орталығы