info@oil-refining.kz +7 (7292) 43-25-04

Жаңалықтар

27.06.2021 (👁460)

Сертификат ISO 45001:2018

2021 жылдың 1- сәуірінен бастап МЕМСТ OHSAS 18001 қолдануды тоқтатып, оның орнына ISO 45001:2018 “Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі менеджменті жүйелері. Талаптар мен ұсынымдар бойынша
қолдану” стандарты күшіне енді.

“Mangystau Oil Refining” ЖШС тұтынушылар алдындағы өз жауапкершілігін сезіне отырып, менеджмент жүйелерінің тұрақты және нәтижелі жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін үнемі СМЖ, ҚОҚ және ЕҚМЖ аудиттерін жүргізеді.

Менеджмент жүйелерінің OHSAS 18001:2007 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестік сертификатының ауыстырылуына байланысты “Mangystau Oil Refining” ЖШС-де TÜV Rheinland Kazakhstan (Германия) менеджмент жүйелерін сертификаттау жөніндегі органымен аудит жүргізілді.

“Mangystau Oil Refining” ЖШС Денсаулық сақтау және қауіпсіздік менеджменті жүйесіне қойылатын белгіленген талаптарға сәйкестігін көрсетті, бұл ISO 45001:2018 сертификатын алумен расталады.


Өнім

Пресс-орталығы