info@oil-refining.kz +7 (7292) 43-25-04

Жаңалықтар

11.03.2022 (👁323)

“Mangystau Oil Refining” ЖШС жұмысқа орналасу туралы

Дамушы Компания ретінде біз Қазақстанның әр өңірінен келген бос жұмыс орындарына үміткерлерден тұрақты түрде түйіндеме аламыз, сондай-ақ “Instagram” әлеуметтік желісінде бізге жұмысқа орналасу туралы сұрақтар келіп түседі, және біз жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруді шештік.

Біздің компанияға жұмысқа орналасуға қатысты барлық жаңалықтар “Mangystau Oil Refining” ЖШС ресми сайтында, компанияның “Instagram” әлеуметтік желісіндегі парақшасында, сондай-ақ “HH.kz”, “enbek.kz”. сияқты сайттарда дереу жарияланатын болады. Кәсіпорында жұмысқа орналастыру, персоналды іріктеу және кадр резервін қалыптастыру мәселелерімен кадрлар бөлімі айналысады.

Түйіндемені “Mangystau Oil Refining” ЖШС кадрлар бөліміне жіберу үшін келесі сілтеме бойынша өтуіңізді сұраймыз https://oil-refining.kz/jobs/. Жоғарыда көрсетілген электронды мекен-жай бойынша сіз өзіңіздің түйіндемеңізді тіркей және жібере аласыз, сонымен қатар электронды мекен-жайға жібере аласыз – hr@oil-refining.kz. Егер сіз біздің талаптарға сай болсаңыз, кадрлар бөлімі сізбен міндетті түрде байланысады, ал қабылданған барлық түйіндемелер кадрлар резервінде сақталады.


Өнім

Пресс-орталығы