info@oil-refining.kz +7 (7292) 43-25-04

Жаңалықтар

16.04.2020 (👁432)

Бүгін сіздерді компаниямыздың логотипімен таныстырмақшымыз

Компания логотипі оның әрі қарай дамуы мен өсуіне маңызды рөл атқарады. «Mangystau Oil Refining» сөзі латын әріптерімен жазылған, себебі бұл визуалды қабылдаудың халықаралық деңгейіне мүмкіндік береді. Логотипте біз «Mangystau» сөзін білдіретін «М» бас әріпін анық көреміз және онда түйе өркешінің пішіні бейнеленген. Логотиптегі түстерде өзіндік белгілі бір мағыналарға ие.

Белгінің түстік гаммасы қою көк, көк және сары түстердің комбинациясынан тұрады. «Қою көк» және «көк» түс «теңіз толқындары» іспеттес, «сары» түс «түйенің өркештерін» бейнелесе, ал логотиптің пішіні «мұнай тамшысына» негізделген . Неліктен біз логотипімізде түйені бейнеледік деп ойлайсыздар? Себебі түйе Маңғыстау көшпенділерінің символы болып табылады.

Осылайша, логотип терең мағынаны береді.


Өнім

Пресс-орталығы