info@oil-refining.kz +7 (7292) 43-25-04

Жаңалықтар

  • 26.03.2024 (👁30)

    “Mangystau Oil Refining” ЖШС “Жер сағаты” экологиялық акциясына қатысты

    23 наурызда “Mangystau Oil Refining” ЖШС тағы да әлемдегі ең үлкен экологиялық “Жер Сағаты”акциясына қатысты. Басты мақсат – адамдардың табиғатқа, ғаламшар ресурстарына жауапкершілікпен қарау керектігін еске салу. Акция барысында өндірістік базаны жарықтандыру толығымен өшіріліп, бес өндіріс орнының жұмысы тоқтатылды.

  • 03.01.2024 (👁71)

    Компания қызметкерлерінің балаларына арналған жаңа жылдық ертеңгілік

    Жаңа жыл-әлемдегі ең қуанышты және керемет мерекелердің бірі. 2023 жылдың 29 желтоқсанында “Mangystau Oil Refining” ЖШС қызметкерлерінің балаларына арналған TikTok шоу стиліндегі балалар ертеңгілігі өтті.Жаңа жылға қызметкерлердің балаларына арналған балалар ертеңгілігі біздің компанияда жақсы дәстүрге айналды. Мереке жоғарғы деңгейде өтті! Балалар ән айтты, би биледі, аниматорлармен және түрлі ертегі кейіпкерлерімен конкурстарға қатысты! Баршаңызды келіп жеткен…

  • 03.01.2024 (👁71)

    Үздік қызметкер-2023 ж.

    “Жылдың үздік қызметкері” – «Mangystau Oil Refining» ЖШС кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлерді марапаттайтын жыл сайынғы корпоративтік марапат. Кандидат ретінде жұмыс өтілі және қандай лауазымда жұмыс істейтініне қарамастан, жақсы жұмыс көрсеткен қызметкер таңдалады. 2023 жылдың қорытындысы бойынша 23 қызметкер “2023 жылдың ең үздік қызметкері” атанды. Біз өз қызметкерлерімізді лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз…

  • 06.10.2023 (👁126)

    «Сигнал парағы» жүйесі бойынша қызметкерлерді марапаттау

    Қызметкерлер арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыру, сондай-ақ өндірістің жұмысын жақсарту мақсатында компания “сигнал парағы” жүйесін енгізді. Осы жүйенің арқасында қызметкерлер объектідегі қауіпті жағдайлар туралы хабарлай алады және компанияның жұмысын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын енгізе алады. Кеше, 5 қазанда қызметкерлерді үздік сигнал парағы бойынша марапаттаудың бірінші бөлімі өтті.

  • 02.10.2023 (👁139)

    Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ақсу ауылындағы біздің зауытқа жұмыс сапарымен барды

    Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Ақсу ауылындағы зауытқа жұмыс сапарымен барды. Түркістан облысында жобалық қуаттылығы жылына 250 мың тонна болатын зауытты біздің компания өткен жылы аукционда сатып алған. Қазіргі уақытта зауытта келесі өнім түрлері шығарылады: сұйытылған көмірсутекті газ, бензин еріткіші, көмірсутекті еріткіш, уайт спирит (нефрас), автомобиль бензині, техникалық керосин, дизель және пеш отыны. Әкімнің сапары…

Өнім